- Толығырақ
-
Жарияланды 08 Қараша 2014
Қарашаның 8 жұлдызында сағат 17:30 облыстық Достық үйінің концерттік залының фойесінде Павлодар облысының Қазақстан халқы ассамблеясының жастар бірлесіктернің ұйымдастыруымен «Күзгі бал» атты жастарға арналған ойын – сауық бағдарламасы өтті.
Аталмыш кеш өте көңілді өтті. Мерекеге қатысқан мектеп оқушылары мен ЖОО-ның студенттері, жастар этномәдени бірлестіктердің қатысушылары жақсы дайындалып, өз өнерлерін көрсетті. Қызықты ойындар мен адам санасын дамытатын сұрақтар қойылып, тамашаланды. Сайыс шартына сай, әр этномәдени бірлестіктерден екі жұп шығып көрермендерге алдын – ала дайындалған өнерлерін көрсету керек болды. Олар би билеп, ән айтып, қысқаша қойылымдар да көрсетілді. Мереке соңында барлық қатысушылар сыйлықтармен марапатталып, жалпыға ортақ би кешіне шақырылды.
Мақсат Айтпаев
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото