Достық үйі

dostyk

2008 жылғы 30 қыркүйек күні облысымызда маңызды оқиға болды: Павлодарда облыстық «Достық үйі» мәдени-сауық орталығы есігін айқара ашқан болатын. Ол қаланың сәулеттік келбетін көріктендірумен бірге жұрт тамашалап, сүйсінетін ғимаратқа айналды. Оның ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті  - Елбасы Н.Ә. Назарбаев қатысты. Бұл үйді салу жөніндегі идея иесі – Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы.
5800 шаршы метрлі алаңы бар төрт қабатты ғимаратта Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы, 24 облыстық этномәдени бірлестіктің кеңселері, Ақсақалдар алқасы, Аналар кеңесі, Медиация орталығы, облыс ҚХА жастар бірлестігінің үйлестіру кеңесі, Қанат Болатұлы Даржұман атындағы Ұлттық жаңғыру мектебі, сондай-ақ «Қоғамдық келісім» КММ-нің әкімшілігі орналасқан.
«Қоғамдық келісім» КММ-нде конференц-зал мен акт залы, дайындық және хореографиялық залдар, мультимедиялық, компьютерлік және оқу сыныптары, ұлттық әдебиет кітапханасы мен мұражай бар.
2015 жылдан бастап ҚР Президентінің бастамасымен «Достық үйі» «Қоғамдық келісім» КММ-не өзгертілді, енді ол жаңа мәртебеге ие болады, ол Қазақстан халқын шоғырландыруға бағытталған міндеттерді орындауда жауапты рөл атқарады.
«Қоғамдық келісім» КММ – Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі атқарушы органы, оның негізгі идеологиялық міндеті қоғамның тұрақтылығын нығайту, өңірдегі қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік болып табылады. «Қоғамдық келісім» КММ – бұл ҚХА-ның ағымдағы барлық жұмысын басқаруды қамтамасыз ететін бір жерде шоғырланған тетік, бұл әртүрлi бағыттар бойынша ҚХА қызметiн қамтамасыз етуді бағыттауға, жұмысын жүйелеуге мүмкiндiк бередi.
Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ -нің негізгі қызметі келесі бағыттар бойынша анықталады:
- этносаралық қатынастар мен ҚХА қызметі саласындағы Елбасының саясатын жүзеге асыру арқылы Қазақстанның қол жеткізген жетістіктерін көрсете отырып; бейбітшілік пен қоғамдық келісім идеясын ілгерілету;
- облыстың қалалары мен аудандарындағы облыстық этномәдени бірлестіктерімен және олардың филиалдарымен өзара әрекеттесу;
- ҚХА қызметіне ақпараттық-аналитикалық қолдау көрсету;
- ҚХА желісі бойынша ғылыми-зерттеу қызметін қолдау, ғылыми-сараптамалық топпен өзара әрекеттесу;
- өңірдегі этносаралық қатынастар мен қоғамдық келісімді бақылау;
- халық шығармашылығын дамыту, шығармашылық ұжымдардың және қызығушылықтар бойынша клубтардың жұмысын ұйымдастыру;
- облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қанатын дамыту;
- халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтары үшін қайырымдылық бағдарламаларын жүзеге асыру;
- жұмыс тәжірибесін жинақтау, этномәдени бірлестіктерге, шығармашылық ұжымдарға әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
- ұйымдастыру-әдіснамалық, бұқаралық мәдени-ағарту жұмыстарының жаңа формаларын енгізу.
2012 жылдан бастап «Қоғамдық келісім» КММ-нде www.pvldostyk.kz веб-сайты қызмет етеді, сайтта мекеменің қызметі туралы ақпараттар көрсетіледі. Сайт мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Веб-сайттың қызықты да, мазмұнды бөлімі фотогалерея болып табылады, фотогалерея мекеме бөлімдерімен және облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының шығармашылық ұжымдарымен өткізілетін шаралар туралы өзіндік бейнелі есеп.
«Достық шаңырағында» газеті – жарқын және қызықты газет, бұл Павлодар облысы мен «Қоғамдық келісім» КММ-нің бірлескен жобасы. Газеттің шығу мерзімділігі – үш айда бір рет. Оның беттерінде облыстың барлық 24 этномәдени бірлестігінің, шығармашылық ұжымдардың, бөлімдердің жемісті жұмысы басылады.
Үкіметтің тапсырмасы бойынша 2014 жылғы қаңтар айында ғылыми-сарапшылық сүйемелдеу және аналитикалық-әдістемелік жұмыс жөніндегі бөлім құрылды. Бөлімнің негізгі мақсаты: ЭМБ-ге әдістемелік көмек көрсету, ҚХА Ғылыми-сараптамалық тобы мүшелерімен тығыз байланыс орнату, мекеме қызметіне үнемі мониторинг пен талдау жүргізу, әр түрлі жоспарлы шаралар өткізу.
Бөлім және облыстық ҚХА жастар бірлестіктерінің үйлестіру кеңесі бірлесіп жұмыс істейді. Бірлескен көптеген қызықты іс-шаралар өткізілді, шаралардың мақсаты жастар ортасында толеранттық тәртіпті қалыптастыру, жас ұрпақты ұлтаралық келісім мен бірлік рухында тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді насихаттау болып табылады. Сондай-ақ бөлім облыстың үкіметтік емес ұйымдарымен, мемлекеттік органдарымен және мекемелерімен тығыз байланыста жұмыс істейді.
2016 жылғы ақпан айында «Қоғамдық келісім» КММ-нде Медиация орталығының таныстырылымы өтті, оның негізгі қызметі қоғамдағы, соның ішінде этносаралық қатынастар саласындағы қақтығыстар деңгейін төмендету болып табылады. Дауларды облыстық деңгейде шешудің оң аспектілерін түсіндіру үшін «Мектеп/колледж – даусыз аймақ» жобасы іске асырылуда, «Жас медиатор» еріктілер қозғалысы құрылды, виртуалды қабылдауы бар www.mediaciyapavlodar.kz сайты жұмыс істеуде.
2015 жылдан бастап Ғылыми-сараптамалық топ қызмет етеді. Оның құрамына жоғары оқу орындарының көрнекті ғалымдары, оқытушылары, сондай-ақ қоғам қайраткерлері кіреді. Спикерлер ретінде патриотизмді насихаттауға, Қазақстан халқының этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынасын үйлестіруге, бірлігін нығайтуға бағытталған әр түрлі іс-шараларға қатысады. ҒСТ мүшелерінің белсенді қатысуымен С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде, ПМПУ мен ИнЕУ-де Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедралары ашылып, жұмыс істейді. Бүгінде бұл кафедралар әмбебап диалог алаңына айналды, оның негізінде ғылыми қауымдастық өкілдерінің, мемлекеттік органдардың және студенттік жастардың қатысуымен дөңгелек үстелдер, семинарлар, конференциялар өткізіледі.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қоғамдық келісім кеңесі құрылып, сәтті жұмыс істейді. Қазіргі уақытта облыста 114 кеңес бар. Кеңестің негізгі міндеті азаматтық принцип негізінде қазақстандық бірегейлікті, қоғамдық келісім мен қоғамдағы жалпыұлттық бірлікті нығайту және оларды дамыту, Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізудің біртұтас тәсілдерін әзірлеу мақсатында азаматтық қоғам институттарын, саяси және үкіметтік емес ұйымдарды, басқа бірлестіктерді топтастыру болып табылады.
Дәстүрлі Қазақстандық отбасы институтын нығайту, отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды насихаттау, адамның рухани-өнегелік қасиеттерін дамыту, қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету жөніндегі үлкен жұмысты облыстық Аналар кеңесі жүргізеді. Облыста денсаулық сақтау, білім беру, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени бірлестіктер, бизнес-құрылымдар өкілдерінің нәзік жандыларынан тұратын 33  аналар кеңесі жұмыс істейді. Облыстық аналар кеңесінің мүшелері – «Ұлы Даламның Мәңгілік тілі» (Б.Ш. Максилова), «Мен жалғыз емеспін – Сен жалғыз емессің» – «Я не одинок – Вы не одиноки» (О.В. Литневская), «ЭТНО-мейірімділіктің қайнар көзі» - «ЭТНО-источник добра» (О.Л. Николашина) сияқты әлеуметтік жобалар мен іс-шаралардың бастамашылары. Сонымен қатар, Аналар кеңесі көп балалы отбасылар мен аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетеді.
Халық шығармашылығы бөлімі алуан түрлі нысандағы және түрлі тақырыптық бағыттағы шараларды ұйымдастырып, өткізеді. Ол қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі шараларды ұйымдастыруда және оларды өткізуде әдістемелік, сценарийлік, режиссерлік көмек көрсетеді. Бөлім өзінің жұмысын ұйымдастыруда тек ірі шараларды (халық шығармашылығы фестивальдері, этномәдени бірлестіктердің мерейтойлары, халықтық дәстүрлі мейрамдар, тақырыптық кештер) ұйымдастырып қана қоймайды, сонымен бірге камералық формаларды (шығармашылық зертханалар, шығармашылық қонақ үйлер, тақырыптық танымдық бағдарламалар) қолданады. Мұнда өз ісін жақсы білетін, білікті мамандар қызмет етеді, олар: А.А. Абдикаримов («Ару ана» хор ұжымы), Г.Д. Ауталипова («Анён» хореографиялық ансамблі), Г.А. Ташимов («Чишмя» және «Сеспель» вокалды ансамбльдері), А.В. Вышутина («Мазаль» би ансамблі), Т.М. Дорошенко (Украин хор ұжымы), А.В. Макитова («Даймохк» би ансамблі), Е.И. Антонова (Достық үйінің біріктірілген вокалды ансамблі).
Этномәдени бірлестіктер негізінде жалпы 26 вокалдық-хор және 20 хореографиялық ұжым, қызығушылығы бойынша көптеген клубтар қызмет етеді. Көптеген ұжымдар Достық үйінде қызмет еткен уақыты ішінде облыс шегінен тысқарыда әйгілі болды. «Wir», «Мирас» халықтық жастар вокалды ұжымдары, «Кардьес апо мусики» вокалды тобы (Н.В. Федькович), «Иртышская линия» халықтық казак хоры (В.Н. Ковеня), «Эвришим» хореографиялық ұжымы (Ш.А. Бекова), «Воля» халықтық казак әндерінің ансамблі (М.С. Немцева), «Самрук» би ансамблі (С.А. Зубкова), «Маргаритари» вокалды ұжымы (А.И. Алексеева), «Жаураначак» би ансамблі (И.И. Зайцева), «Сырэны» және «Нарцыз» вокалды ансамбльдері (М.Е. Ершова), «Алан» би ұжымы (М.С. Кобец) беделді республикалық және халықаралық фестивальдер мен байқаулардың лауреаттары атағына ие болды. Республикамыздағы жалғыз бандуристтер ансамблі құрылды (Г.В. Григориади).
Жыл сайын «Қоғамдық келісім» КММ облыстың этномәдени бірлестіктерімен бірлесіп, 400-ден астам іс-шара, этносаралық келісімнің тұрақтылығын нығайтуға, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге бағытталған тақырыптар мен формалардағы, түрлі масштабтағы науқандар өткізеді.
Оларға әрдайым мониторинг жүргізіліп, тіркеледі, бұл өткізіліп жатқан іс-шаралардың саны тұрақты түрде өсіп келе жатқанын және олардың кәсіби және көркемдік деңгейі айтарлықтай арта түскенін көрсетеді, бұны келушілердің санынан аңғаруға болады.
Тұрақтылық пен этносаралық келісімді нығайтуға, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге, Қазақстан халқының рухани мұрасын сақтауға және дамытуға бағытталған іс-шараларға ерекше көңіл бөлінеді.
Жыл сайын «Қоғамдық келісім» облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесе отырып, төзімділік идеясы мен ұлттық бірлікті насихаттайтын «ҚХА «20 жақсы іс!», «Менің елім – Қазақстаным!» пойызы, «Ақ орамал» акцияларын өткізеді. Жыл сайын бұл дәстүрлі мерекелер жаңа шығармашылық нысандармен көбеюде.
Жыл сайын Шекаралас ынтымақтастықтың «Бірлік. Единство. KZ» Халықаралық жастар этнофорумы, «Бір шаңырақ астында» атты облыстық этникалық мәдениеттер фестивалі, «Ертіс – достық өзені» атты халықаралық фольклорлық-этнографиялық фестивалі, облыстық этномәдени бірлестіктердің жастар ұжымдары арасындағы жыл сайынғы мемлекеттік тілдегі патриоттық әндер байқауы, «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» фестивалі, өзге ұлт өкілдері балаларының арасында мемлекеттік тілті білуге арналған «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасының өңірлік туры, «Қазақша сөйлеу оңай!» сияқты маңызды іс-шаралар өткізіледі.
«Наурыз», Масленица, «Сабантуй», «Сабатой», «Қымызмұрындык», еврей халқының «Пурим», неміс халқының «Остерн», поляктардың «Велька ноц», белорустардың  «Гукання вясны» сияқты ұлттық-күнтізбелік мерекелері халықтың мәдени мұрасын жарқын көрсетуде.
«Қоғамдық келісім» КММ-нің ынтымақтастық саласы кеңеюде. Мекеме қызметінің басында этномәдени бірлестіктер мен қаланың бірнеше мәдениет мекемелерімен ғана жұмыс істейтін еді. Осы кезеңде, ынтымақтастық саласына ЭМБ-дің, Қоғамдық келісім кеңесінің, Аналар кеңесінің барлық аудандық филиалдары, Павлодар қаласының театрлары, мұражайлары, мәдениет және демалыс саябақтары, кітапханалары, жоғары оқу орындары, колледждері, білім беру мектептері, Балалар үйлері, интернаттары, әлеуметтік мекемелері, облыстық және аудандық ардагерлер кеңесі, әскери бөлімдер, түрлі ҒПБ енеді.
Достық үйінде аймақ этностарының мәдени-тарихи мұрасын сақтау мақсатында мұражай қызмет етеді. Мұражай қоры этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен әрдайым толықтыру үстінде. Мұнда ұлттық киімдердің, халық тұрмысының, халықтық-қолданбалы өнерінің атрибуттары, сирек кездесетін фотосуреттер мен жазбалар көрсетілген. Экспозициялар арқылы түрлі этностардың ерекшеліктерін терең түсіне алады, олардың тарихымен, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен таныса алады. Жертөле қабатында орналасқан кітапханада аймақ этностарының тіліндегі кітаптар, газет-журналдар бар. Кітапхана жұмысының негізгі мақсаты мәдени және тілдік алуандықты ақпараттық қолдау, көпұлтты аймақ жағдайындағы этникалық сана-сезім мен этносаралық толеранттылықты қалыптастыру болып табылады. Мұражай мен кітапханада әрдайым тақырыптық көрмелер, экскурсиялар жүргізіледі, қызығушылықтар бойынша клубтар жұмыс істейді. Мұражай мен кітапханаға әр тілек білдіруші адам келе алады.
Достық үйі – маңызды шараларды өткізетін орын ғана емес, сонымен бірге мұнда күн сайын әр түрлі ұлттар мен мәдениет өкілдері жұмыс істейтін құтты мекен, ол – Павлодар облысы аумағындағы достық, бірлік пен бейбітшілік нышаны.