297Чуваш этномәдени бірлестігінің «Сеспиль» ән тобының қатысушылары арасында «Отбасылық тағам» атты аспазшылар сайысы өтті. Жанұя күніне арналған бұл шара облыстық «Достық үйінің» салтанат залында ұйымдастырылды.

 

Этномәдени бірлестіктің белсенділері бұл мейрамды ерекше тойлауды ұйғарды. Олар ұлттық әрі отбасында барлығы ұнататын тағамдарды әзірледі. Мерекелік дастарханға француз картобы, пеште пісірілген тауық еті, көксерке запеканкасы, «Оливье» салаты, көкнәр, ірімшік және мейізі бар құймақтар қойылды. Осында пирогтар да, «пирожоктар» жиінтүрі де, ірімшіктен пісірілген ұлттық саңырауқұлақ пішініндегі «чокот» атты тағамы да болды. Қатысушылардың бірі, Лидия Волкова, қыздары ойлап тапқан «Отбасылық» салатын дайындап әкелді. 

 

«Әдеттегідей, осы мейрамды жақындастарымызбен бірге тойлаймыз. Ал келер жылы барлық этномәдени орталықтардың шебер аспазшылары арасында үлкен дода өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді чуваш этномәдени бірлестігінің төрайымы Елена Софронова.

 

Әрбір қатысушысы өзі дайындаған тағамы жөнінде айтып, қазылар алқасының дастарханына қойды. Ұзаққа созылмаған пікірталастан кейін жеңімпаздар мен көрермендер көзайымы атанған жүлдегерлер анықталды. Мерекенің соңында көрермендердің барлығы астың дәмін татып, қатысушылар шеберлігін бағалады.

 

Еске сала кетейік, Елбасымыздың 7 қыркүйек күні «Отбасы күнін» тойлау идеясын барлық депутаттар бір ауыздан қолдады. Биыл бұл мереке Қазақстанда екінші рет салтанатты түрде тойланды.

 

Мақсат Айтпаев

 

Фото

 

297

 

Фото

 

298

 

Фото

 

299

 

Фото

 

300

 

Фото

 

301

 

Фото

 

302

 

Фото

 

303

 

Фото

 

304

 

Фото

 

305

 

Фото

 

306

 

Фото

 

 

Фото

 

 

Фото

 

 

Фото