8238

Павлодардағы Қазақстан халқы Ассамблеясы паркінде Құрбан айт мерекесіне орай үлкен мерекелік іс-шара өтті. Мұнда көптеген қайырымдылық жәрмеңкелері, спорттық іс-шаралар, бүлдіршіндерге арналған көңілді ойындар өтті. Ал қалалық мешіттер ұйымдасып, барлық жиналған қауымға арнап 20 қазан палау дайындап дәм татырды. Жұртшылыққа арналған мерекелік мәзірді дайындауға жергелікті Ассамблея мүшелері де белсенді атсалысты.

Толығырақ...

8233Израиль мемлекетінің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Лиат Вексельман Павлодардағы Достық үйінде жастармен кездесті. Павлодар облысы бойынша Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Айнұр Сәрсенбаева Израиль елшісіне уақыт бөліп жастармен кездесуге мүмкіндік тапқанына алғысын білдірді.

Лиат Вексельман Ертіс өңірінің жастар буынымен қауышқанына риза екендігін айтып, өскелең ұрпақты Израиль елінің білім беру әлеуметімен таныстырды. 

Толығырақ...

8193

30 маусымда қалалық демалыс және мәдени саябағында «Бір шаңырақ астында» жазғы фестивалі аясында румын және молдова мәдениеті күні өтті. Іс-шараны «Буковина» румын-молдова этномәдени бірлестігі ұйымдастырды. Мереке бағдарламасында көңілді ойындар мен байқаулар өткізіліп,  концерттік бағдарламамен жалғастырды.

Толығырақ...

8178

2019 жылғы 28 маусым күні Павлодар қаласының Достық үйінде Достық үйлері мен «Қоғамдық келісім» КММ директорларының әдістемелік кеңесінің отырысы өтті.

Толығырақ...

8121

15 маусым күні «Бір шаңырақ астында» атты жазғы фестивалі аясында Павлодарда болгар мәдениеті күні аталып өтті. Республикамызда тұрып жатқан болгарлар әрбір мерекеде біздің ортақ үйіміз Қазақстанға деген сүйіспеншілігін көрсетеді және Отанымыздың тәуелсіздігін мақтан тұтады.

Толығырақ...