89Маусымның соңғы демалыс күндері бұл фестиваль аясында екі этномәдени бірлестігі өз мәдениеті мен өнерін көрсетті. 

Сенбі күні қалалық мәдени-демалыс саябақ сахнасында «Сібір казактарының одағының «Ертіс желісі» қоғамдық бірлестігінің шығармашылық ұжымдары өз өнерін көрсетті. Жалынды билер, сағынышқа не қуанышқа толы әндер, күлдіргі тақпақтар казактардың ерлігі мен ақкөңілдігін танытты. «Күннің шуағы, киімдерінің ашық бояулары және жанды орындауы керемет көңіл-күй сыйлады. Бүгін мен казактар жөнінде білімімді жетілдіріп қана қоймай, жақсы сезімдерге тап болдым. Концерт ұйымдастырушылары мен қатысушыларына алғысымды білдіремін», - деді қала тұрғыны Андрей Пономарев.

Жексенбі күні «Бір отбасында тұрамыз» атты жазғы фестивалін «Ватан» әзірбайджан ұлттық мәдени бірлестігінің» белсенділері жалғастырды. Бір сағаттан аса созылған бағдарламада әдемі нөмерлер көрсетілді. Қ. Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің кіші сыныптарының оқушылары әзірбайджан, орыс, қазақ тілдерінде өлеңдерін оқыды. Жастар әзірбайжан мәдениетінің білгірлері арасында қызықты сауыл өткізді. Барлық көрермендер ұлттық тағамдар, билер, киімдер, мерекелер, мәдениет әрі өнер, қазіргі Әзірбайджан Республикасының әкімшілік бөлінуі жөнінде сұрақтарға таласып жауап берді. Ал ұлттық әзірбайджан лезгинкасы концерттің көркіне айналды.

Ертіс ауданының тұрғыны Ботагөз Кабиева осы шара туралы Облыстық радио хабарландыруынан білді:

- Сол себептен, өзімнің демалысымды қалада өткізуімді жоспарладым. Шара бағдарламасы, әсіресе, жастардың қатысуы өте ұнады, себебі олар өзінің тілін, мәдениетін жақсы деңгейде біледі. Өзім Әзірбайжан жөнінде қызық мағлұматтарды білдім, - деді ол.

Фестиваль келесі демалыста да қалалық мәдени-демалыс саябағында өз жалғасын табады.

Мақсат Айтпаев

Фото

90

Фото

91

Фото

92

Фото

93

Фото

94

Фото

95

Фото

83

Фото

84

Фото

85

Фото

86

Фото

87

Фото

88