Каримова АКеше ғана Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Үндеу жолдағанын білеміз.

Соңғы күндері елімізде белең алған оқыс оқиғалар тізбегі әрине, халық арасында үрей туғызды. Соның салдарынан қаншама азаматтарымыздан айырылып, Ел егемендігіне қауіп төнді, бұл күн тарихымызда «Алматы қасіреті» деп қалды.

Әр азамат бейбіт күн мен тұрақтылықты аңсайды, оның қадірін біз тағы да терең сезіндік. Нақты істерге бастайтын Ел Президентінің реформаларына сеніммен қараймыз.

Елдің білім беру саласына үлкен өзгерістер болуы қажет. Жоғарғы оқу орындары, басқа да білім беру мекемелеріне артылған міндет зор. Қабілетті де білімді жастар, ұлттық тәлім-тәрбие алған жас ұрпақ - болашақтың иесі болары сөзсіз.

Т.ғ.к., Павлодар педагогикалық университетінің
гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы Каримова Анара Еркінқызы