9410Бүгін Достық үйінде Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, облыс әкімінің орынбасары Айзада Құрманова мен желтоқсан оқиғасының куәгерлерінің қатысуымен «Тәуелсіздіктұғырым» атты «дөңгелек үстел» өтті.
Алдымен желтоқсаншылар Бұхар Жырау әдебиет және өнер мұражайы дайындаған арнайы көрмені тамашалады, содан кейін Ертіс мультимедиялық мұражайы жұмысымен танысты.
Тоталитарлық режимге қасқайып қарсы тұрған, қазақ елінің егемендігіне жол ашқан жігіттер мен қыздар, қазіргі күні облысымыздың әр саласында нәтижелі еңбек етіп жүрген белгілі тұлғалар. Шара барысында тарихи оқиғаның бейнебаяны, елі үшін жанын қиған қазақтың біртуар батырлары туралы деректер көрсетілді. С.Торайғыров университетінің профессоры, филология ғалымдарының кандидаты Айман Зейнуллина болашақта Ертіс өңірі зиялы қауымы, желтоқсан оқиғасы белсенділерінің қоғамдық бірлестігін құру туралы ұсыныс білдірді.  Маңызды шараға С.Торайғыров университетінің Е.Бекмаханов атындағы ғылыми-практикалық орталығының директоры Амантай Құдабаев, тіл маманы Ырысгүл Шакаман, қазақ драма театрының әртісі Бейбіт Шәнім т.б. аудандар мен қалалардың өкілдері де қатысты. Жалпы, осындай маңызды іс-шаралар тарих беттерін таразылай отырып, Ел тәуелсіздігі жолында қанша батырлардың құрбан болғанын келер ұрпаққа насихаттауға мүмкіндік береді.

Фото

9410

Фото

9411

Фото

9412

Фото

9413

Фото

9414

Фото

9415

Фото

9416

Фото

9417