IMG 27012021 жылғы 8 желтоқсаннан бастап облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының бұйрығымен «Қоғамдық келісім» КММ басшысы лауазымына Кубенова Нүрия Қалымқызы тағайындалды.
Н.Кубенова 1976 жылы Павлодар облысында туған, Павлодар мемлекеттік педагогикалық иснтитутын бітірген, екі жоғары білімі бар. Көп жылдар бойы өңірдің мәдениет саласында, соның ішінде «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығында еңбек етті, соңғы жылдары «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру офисын басқарды.