9391Облыстық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік Хатшылығы мен ҚХА Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына аналар кеңесінің мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Облыс әкімінің орынбасары Айзада Құрманова Павлодар облысының мемлекеттік органдары мен үкіметтік емес ұйымдары балалардың құқықтарын және олардың заңды мүдделерін қорғау бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.
Балалардың құқықтарын қорғау, білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету, қабілеті мен табиғи дарынын дамыту жұмысымыздың негізгі басымдықтары, - деді Айзада Құрманова. – Соңғы сегіз жыл ішінде біздің облыста үш жастан алты жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту қамтамасыз етілді. Біздің облыс білім беру сапасы бойынша елімізде көш бастап тұр.
Дөңгелек үстел модераторы, ҚХА хатшылығының меңгерушісі Айнұр Раисова дөңгелек үстел Дүниежүзілік балалар күніне орайластырылғанын атап өтті.
Дөңгелек үстел «Балалардың өмірі мен денсаулығы біздің қолымызда» деген атаумен өтіп жатқаны бекер емес, - деді Айнұр Раисова. – Елімізде басты құндылық - балалардың өмірі, денсаулығы мен амандығы болып табылады.
Дөңгелек үстелдің құрметті қонағы - республикалық аналар кеңесінің төрағасы Назипа Шанаи отырысқа қатысушыларды ата-аналарға тек балалармен ғана емес, барлық отбасы мүшелерімен де рухани байланыстың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шақырды.
Біздің ақпараттық технологиялар ғасырында көптеген ата-аналар олардың балалары телефонда не көретінін білмейді, - деді Назипа Шанаи. - Ата-аналарға баланың бос уақытын гаджеттерден бөлу үшін қалай өткізуге болатындығы туралы семинарлар өткізу керек.
Сондай-ақ, дөңгелек үстел отырысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Дементьева кибер-буллингтің алдын алу бойынша заң шығару жұмысы туралы айтып берді.
«Кибер-буллинг» ұғымын енгізу бізге онымен күресуге мүмкіндік береді, - деді Наталья Дементьева. – Білім беру саласындағы уәкілетті органға оқу орнының қабырғасында балаларды қудалаудан қорғау үшін шаралар қабылдау бойынша функциялар мен құзыреттер берілетін болады.
Отырыста сөз сөйлеген облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Бақытжамал Шаханова аналар кеңесінің қалалық және аудандық филиалдарының қызметі туралы айтып берді. Сондай-ақ, дөңгелек үстел жұмысына «Байкал медиаторлар Лигасы» қауымдастығының президенті, Ресей мемлекеттік Әділет университетінің Шығыс-Сібір филиалының доценті Анастасия Архипикина және София университетінің саясаттану кафедрасының профессоры Татьяна Дронзина қатысты.

Фото

9391

Фото

9392

Фото

9393

Фото

9394

Фото

9395

Фото

9396