9363Бүгін Павлодар қаласының № 10 дарынды балаларға арналған мектеп-гимназиясында Қазақ ССР Халық ағарту ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, Павлодар облысының құрметті азаматы - Қожахметова Зара Қабдышқызына арналған мемориалдық-тақта ашылды. Маңызды шараға облыс әкімінің орынбасары А. Құрманова қатысты.
Ұлағатты ұстаз Алматы қазақ мемлекеттік педагогика институтын (қазіргі Қыздар институты) аяқтағаннан,  1962-1991 жылдары №10 Абай орта мектебінде алғашында география пәнінің мұғалімі, кейін директордың тәрбие жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
З.Қожахметова 1991 жылдан бастап «Облыстық мұсылман әйелдер лигасы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы болып сайланды. Еліміз Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары салт-сананы жаңғырту, жастарға ұлттық тәрбие беру, әдет-ғұрыптарды дәріптеу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Кейін «Мұсылман әйелдер лигасы» бірлестігі өңірлік ассамблея құрамына енді. Ақ жаулықты әжелерден құрылған «АРУ АНА» әжелер хоры, «Жеңеше» би ансамбілінің атағы облыс жұртшылығына кеңінен танымал болды. Ұмыт бола бастаған «Наурыз», «Құрбан-айт» «Қымызмұрындық» сияқты игі дәстүрлер барлық мемлекеттік мекемелерде, тіпті жетімдер үйі, қарттар үйінде насихатталып, «Қыз сыны», «Келіндер сыны» байқауы жаңа форматта өтті.
Бүгінгі күні, Тәуелсіз елдің жастары Зара Қожахметовадай анамызды ұлықтап, келер ұрпаққа сапалы тәрбие беру мақсатында атқарылған еселі еңбекті бағалауы керек. Шараның келесі бөлімінде З.Қожахметова атындағы гография пәнінен өткен олимпиадаға қатысып, жүлдегер атанған озат оқушылар марапатталды.
Бүгін де, З.Қожахметовадан білім алған мыңдаған түлектер еліміздің түкпір-түкпірінде жемісті еңбек етіп жүргінін атап өткен жөн.

Фото

9363

Фото

9364

Фото

9365

Фото

9366

Фото

9367

Фото

9368

Фото

9369

Фото

9370