9311Бүгін Павлодарға ресми сапармен Болгария Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Боян Хаджиев келді. Алдымен Болгар Елшісі облыс әкімі А.Скаковпен кездесті, содан кейін барлық ұлт өкілдерінің ортақ шаңырағы - Достық үйіне ат басын бұрды. Б.Хаджиев осындағы болгар этномәдени бірлестігінің жұмысымен, жалпы өңірлік ассамблея қызметімен жақынырақ танысты. Өңірлік «НҰР АНА әлемі» ҚБ ақ жаулықты аналары әннен шашу шашып, қазақ халқының салт-дәстүрінен мағлұмат берді. Жалпы, ең алғашқы болгар отбасылары Павлодар облысына 1907-1908 жылдары көшіп келген. Қазіргі Ақтоғай ауданының Разумовка және Андрияновка ауылдарына қоныстанған болатын.
Бүгінгі таңда облыста мыңнан астам болгарлар тұрады. Қазіргі күні олар тұтас Қазақстан халқының бір бөлігі деп саналады. Олардың ұрпақтары Достық үйінде өз ана тілдерін дәріптеп, салт-дәстүрлерін зерделеуге мүмкіндік алды.
Түстен кейін қадірменді қонақ Ақтоғай ауданында болып, қазақ жеріне ең алғаш көшіп келген болгарлардың құрметіне қойылған стеллаға гүл шоқтарын қояды деп күтілуде.

Фото

9311

Фото

9312

Фото

9313

Фото

9314

Фото

9315

Фото

9316

Фото

9317