МаксиловаБаршаңызға белгілі, кеше ғана еліміздің ассамблеясы өмірінде үлкен жаңалық болды. Толығырақ айтсақ, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың жарлығымен яғни, 28 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында «Бірлік, Бейбітшілік және келісімнің 30 жылы» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX  Сессиясы өткен болатын.
Қасиетті ораза айымен тұспа-тұс келген осы маңызды шарада облыстық ассамблея белсенділері Павлодар облысы әкімі А.Скаковпен кездесті. Алғаш рет еліміздің барлық өңірлері қатарында Павлодар облысы COVID індеті бойынша шектеулерге орай, аталған шараға онлайн режимінде қатысты.
Сессия барысында мен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың әрбір сөзін зор ынтамен қабылдадым. Бүгінгі күні ассамблеяның атқарып отырған маңызды ролін ескерген Н.Ә.Назарбаев, төрағалық міндетті Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаевқа беруі уақыт талабымен үндес шешім болды.
Осы Тәуелсіздік жалауын желбіреткен 30 жыл ішінде қоғамдық институт ретінде Ассамблея өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Өткен жылы елімзді жайлаған пандемия кезінде біздер ақ жаулықты аналар қауымы барлық қайырымдылық шараларына белсене араласты. Көпбалалы отбасыларға, медицина қызметкерлеріне, тіпті жетімдер үйі де назардан тыс қалмады.
Өз еліміздің мерейін өсіріп, кішкене болса да көмегімізді көрсетуге ниет еттік. Міне, осынау Рамазан айында ақ тілектеріміз қабыл болып, туған еліміз әрі қарай қарыштап дамып, жастарымыз өнегелі, экономикамыз нығайып, мықты елдердің қатарынан көріне берсек дейміз.

Максилова Бакытжамал    Шаханқызы

Павлодар облысы «НҰР АНА әлемі» ҚБ төрайымы