890825 ақпан күні Павлодар облысы «Қоғамдық келісім» КММ-де ағартушы-ғалым, ғұлама философ Әбу-Насыр Әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдық мерейтойына арналған «Әл-Фарабидің еңбектеріндегі толеранттылық идеясы» атты дөңгелек үстелі өтті.
Дөңгелек үстелге облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығының меңгерушісі Айнұр Мақсұтқызы Сәрсенбаева, облыстық ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, студенттер қауымы қатысты.
Дөңгелек үстелдің модераторы, Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедра меңгерушісі, облыстың ҚХА  төрайымы Сәуле Нәсенқызы Мамытова Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын атап өтудің жастар үшін маңыздылығы және тәрбиелік мәніне тоқталды. Қазақстанның қазіргі заманғы даму бағыты, шығыс танушы- философтың гуманистік идеялары, қоғамдағы бірлік пен достық идеяларының өзектілігі ашық ортаға салынды.
Дөңгелек үстел қатысушылардың пікірталасы мен ашық диалогымен өз мәресіне жетті.

Фото

8908

Фото

8909

Фото

8910

Фото

8911

Фото

8912

Фото

8913